Инвестиция мен Даму министірлігінің көлік саласында жемқорлық қылмыстары жиіледі. Жемқорлыққа қарсы агенттік осылай деп мәлімдеді. Заңды бұзудан қатардағы қызметкерлерден басшылары да қалысар емес.
Олжас БЕКТЕНОВ, ҚР МҚІСҚА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Көліктік бақылау саласындағы сыбайлас жемқорлық мәселесі ерекше назар аударуды талап етеді. Инвестиция және Даму министірлігінде жасалған коррупциялық қылмыстардың 90%-ы көлік бақылау инспекциясының қызметкерлеріне тиесілі. Өткен жылдың өзінде сыбайлас жемқорлыққа барған қызметкерлерінің саны 48-ден 93-ке дейін өскен. Ал, ағымдағы жылдың басынан бері тағы 33 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.