Русский Сайттың толық нұсқасы

Президенттің «Жеңілдетілген несиемен баспана беру» бастамасын қарағандылық кеншілер де қолдады

  • AstanaTV
  • 05 қазан 2018
  • 3101

Өзге өңір әкімдері Астанадан үлгі алуы тиіс. Осылай деген президент әкімдерге жергілікті бюджет есебінен жеңілдетілген несие бойынша алғашқы жарнаны ішінара субсидиялауды тапсырды. Ол мүмкіндікті алғашқы жарна төлеуге қаражаты жетпей отырған отбасылар пайдалана алады. Президент жыл соңында әкімдердің бұл мәселені қалай шешкенін қарайды. Көңілі толмаса, әкімдер қызметтерімен қош айтысуы мүмкін екенін ескертті. Ал, Шымкент жас отбасылар мен бюджет қызметкерлеріне арнап жеңілдетілген несие беру ісін бастап кеткені белгілі болды. Пәтер құнының бастапқы жарнасына қажет 20 пайыздың жартысын жергілілікті билік субсидияламақ. Осы мақсатқа 500 миллион теңге бөлген. Ал, 2019-шы жылы қосымша тағы 1,5 миллиард теңге қарастырмақ. Қазір бұл жоба пысықталып жатыр деді отбасы, балалар және жастар басқармасының өкілі.  

Жандос ҚАЛТАЕВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ОТБАСЫ, БАЛАЛАР ЖӘНЕ ЖАСТАР БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:  

Мемлекет басшысы өз Жолдауында, бұл құжаттың мемелкуеттік бағдарламаларды одан әрі жетілдіруге арналғанын айтып өтті. Шымкент бұл бағытта бірнеше қадамға алға жылжып кетті деп айтуға болады. Бүкіл республикада «7-20-25» деп аталатын болса, бізде «7-10-25» деп атауға болады. Себебі, 10 пайызын біздің қалалық бюджеттің есебінен бөлінбек.  

Нұрсұлтан Назарбаевтың тұрғын үй құрылысы мен қолжетімді баспана саласындағы бастамалары көпшілікке қуаныш сыйлады. Қарағандылық кеншілер де осы мәселеге үн қосты. Қазір шахталарға жас мамандар көп тартылып жатқандықтан, үй мәселесі шахтерлар үшін де өткір тұр. Қоғамдастықтар қауымдастығы да пәтер иелері коперативі жұмысының ашық болғаны тиімді деді.  

Қазыбек ШАЙХ, ҚР ҰЛТТЫҚ КООПЕРАТИВТЕР ЖӘНЕ БАСҚА ДА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: 

«ЖКХ» мәселесі немесе «КСК» жұмысы ашық болмаса, халықтың алдында олар есеп бермесе қаражаттың бәрі көлеңке жақтан өтіп жатса - ол біріншіден елімізді жақсартпайды. Өйткені, ұрланып жатқан ақша халыққа жұмыс атқармайды. Ал, егер ол ақша ұрланбаса, халыққа қызмет жасаса «КСК» бастықтары халыққа қызмет атқарса немесе басқа кооперативтер, онда дұрыс болады. 

А. Қуаш