Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент жолдауына орай пікірлер

  • AstanaTV
  • 06 қазан 2018
  • 3194

Енді Жолдауға орай пікірлер:

Нұрлан ӘБДІРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:  

Полицейлерге тәлім беретіндер олардың көкірек көзін ашуға тырысуы керек. Елбасы нақты тапсырмалар берді, жыл аяғына дейін модернизациялау жоспарын құрыңдар деп. Сонымен бірге менің ойымша соңғы уақытта сот саласында жақсы жаңалықтар енгізілді. Дегенмен бұл жүйе ары қарай дамуы керек.

Азат ПЕРУАШЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: 

Елбасы отандық тауар өндірушілерге ерекше назар аудару керектігін айтты. Шынымен де біз сырттан келетін тауарларды алып әбден үйреніп алдық. Киіміміз, тамақ өнімдері, дәрі-дәрмек бәрі импорт. Өз тауарларымызды өзіміз қолдауымыз керек. Президент импорт киімдеріңізді шешсе, киімсіз қаласыздар деді. Алайда маған қатысы жоқ, себебі менің костюмім қазақстандық.

Жақсыбек КҮЛЕКЕЕВ, ПРОФЕССОР:

Соңғы кездегі ең үлкен үрдістің бірі ол, урбанизациялық процестер, елімізде жүріп жатқан. Әрине, ауылды жерлердегі халық бірден көтеріліп қалаға көшіп жатқан жоқ. Дегенмен оң үрдіс бар. Қаланың халқы жыл сайын өсіп келе жатыр. 2030-шы жылға дейін қала халқының үлес салмағы 4-5 пайызға дейін көтерілуі мүмкін. Сондықтан осы жағдайды ескере отырып, қалаға келген жастарға бірінші баспана керек. Осы мәселені қалай шешу керек екендігі туралы Үкіметке үлкен тапсырма беріліп жатыр.