Русский Сайттың толық нұсқасы

Кітапханашылар 5 күн бойы сабақ оқиды

  • AstanaTV
  • 08 қазан 2018
  • 3165

17 аймақтан келген 34 кітапханашы 5 күн бойы Назарбаев университетінде білімін жетілдіреді. Бұл «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының жаңа жобасы. Семинарда кітапханашыларға менеджмент, оқырман жинау саясаты, жаңа технологияларды қолдану сияқты сабақтар оқытылады. Лекция жүргізуге арнайы шет ел мамандары да шақыртылған. 

Гүлсім ШАДЫРБЕКОВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ КӨПШІЛІК КІТАПХАНАЛАР ЖҮЙЕСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: 

Қазіргі кезеңде кітапханаларға заманауи технологиялар қажет, жақсы кітаптар керек. Сонымен қатар, осы кітаптар мен технологияларды қолдана алатын білікті мамандар қажет. Олардың біліктілігін әрдайым осылай көтеріп отыру керек деп ойлаймын.

Данияр СҮНДЕТБАЕВ, «ЖАС ОТАН» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:   

Бұл бес күндік тренинг. Оны халықаралық мамандармен бірге жасап жатырмыз. Ол Беларусия, Жапон ғалымдарымен бірге. Біріншіден кітапханашылар аймақтарға келіп үлкен өзгерістер жасауы керек. Өзгерістер агенттігі ол біздің осы кітапханашылар болады. 

У. Қабылтайұлы