Русский Сайттың толық нұсқасы

Елде 800-ге жуық көлік иесі салықтан жалтарып отыр

  • AstanaTV
  • 08 қазан 2018
  • 2806

Өкінішке қарай, мүлік салығын төлемегендер банктен бір тиын да ала алмайды. Елде 800-ге жуық адам көлік салығына 18 млрд теңгеден астам берешек. Бұл туралы бүгін Мемлекеттік кірістер комитеті жариялады. Ал, бір Астананың өзінде 80 мың темір тұлпар иесі бюджетке 2 жарым млрд теңге төлемеген. Комитет көлік салығынан жалтарғарғандарды Әкімшілік полициямен бірігіп әшкерелеуге шығады. Тексеріс «Сергек» бейнебақылау жүйесі арқылы жүргізілмек.  

Айнұр ҚҰЛШЫҚОВА, ҚР ҚМ МКК БЕРЕШЕКТЕРМЕН ЖҰМЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:  

35 жұмыс күні беріледі. Осы борышын өтеу үшін. Сол борышты өтемеген кезде біз осы бұйрықты сот орындаушыларға әрі қарай жұмыс жасауға жібереміз. Шетелге шығармау тәсілі бар. Банкттік шоттарын жабу деген бар сот орындаушыларда. Осыған әкелмеу үшін салық төлеушілер өз міндеттемелерін уақытымен орындау қажет.

Д. Сапарқызы