Австралияда акулаға құрылған тұзаққа түсіп қалған киттің баласы құтқарылды. Оқиға Квинсленд штатындағы теңіз жағасында болған. Торға тұтылған кит баласын жергілікті тұрғындар байқап, құтқарушыларды шақырған. Қайығы барлар дереу жетіп, теңіз жануарына көмектесуге ұмтылған. Құтқару операциясы 2 сағатқа созылды. Тұрғындар осы кезде маңайды бала киттің анасы мен тағы бір ересек кит айналшақтап жүзіп жүргенін айтады. Сүтқоректі тікен тордың кесірінен ауыр жарақат алып қалды. Мамандар бұл оның өміріне еш зиян келтірмейді,- дейді.
У. Қабылтайұлы