Русский Сайттың толық нұсқасы

Жікшіл топтар сауатсыздықты пайдаланады-Тоқаев

  • AstanaTV
  • 09 қазан 2018
  • 4871

Жікшіл топтар әлеуметтік жағдайы мен сауаты төмен адамдарды оңай арбайды. Мәдени және діни ерекшеліктерді бұрмалап, оларды көзсіз табынуға мәжбүрлеп отыр. Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Бүгін Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының кезекті отырысы өтті. Оның жетекшісі Тоқаевтың өзі. Жиын осымен 17-рет өтіп отыр. Айта кетейік, Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI съезі 10-11 қазан аралығында өтеді.  

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, ХАТШЫЛЫҚТЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: 

Түрлі діни сенімдерді бір-біріне қарсы қоюдың салдарынан және құдай жолындағы ізденісті қалқан еткен теріс әрекеттер нәтижесінде шиеленістер мен ашық қақтығыстардың жаңа ошақтары пайда болуда. Жалған ұрандарды желеу еткен жасанды діни құндылықтар террорды насихаттаушылардың қырып-жою қаруына айналды. Мәдени және діни ерекшеліктерді бұрмалап, әлеуметтік жағдай мен сауаты төмен адамдарды өз мүдделері үшін пайдаланатын жікшіл топтар өз жақтаушыларын көзсіз табынуға мәжбүрлеп отыр.

Ғ. Қылышбаева