Русский Сайттың толық нұсқасы

Келер жылы 1 миллионнан астам жұмысшының жалақысы өседі

  • AstanaTV
  • 09 қазан 2018
  • 1825

Ең төменгі жалақының 42 мың теңгеге ұлғайтылуы 1 миллионнан аса адамның жалақысын көтереді. Үкімет қабырғасында сұхбат берген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі осылай деді. Өйткені, келер жылдан бастап жекеменшік мекемелер қызметкерлер жалақысын көтеруге міндеттеледі. Президент жолауында ең төменгі жалақыны 28 мыңнан 42 мыңға көтеруді тапсырған еді.  

Мәдина ӘБІЛҚАСЫМОВА, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ: 

Біздің ойымызша, 1 миллионнан астам адамға мемлекеттік ұйымдарда істемейтін, бюджеттік қаржылардан төленбейтін ұйымдарда жұмыс берушілер өздерінің жұмыскерлеріне көтеруге барлық мүмкіндікті жасау керек. Себебі, заңға сәйкес жалақысы ең төменгі жалақының мөлшерінен төмен болмау керек. 

Г. Меңдеева