Русский Сайттың толық нұсқасы

Британдық екі бірдей алып жоба Қазақстан нарығына енуі мүмкін - Ұлыбританияның Сауда министрі

  • AstanaTV
  • 09 қазан 2018
  • 2983

Сербиядан бөлек Қазақстан нарығына Ұлыбританияның алпауыт компаниялары да енуі мүмкін. Қазіргі уақытта ет өндірісі және сумен жабдықтау жүйесі бойынша екі ірі компания Үкіметпен келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы бүгін «Астана» телеарнасына Британияның сауда саясаты жөніндегі министрі Джордж Холлингбери айтты. Егер, екі елдің тиісті министрліктері қандай да бір шешімге келсе, Ұлыбританияның ең ірі ет өнімін жеткізушісі «Dunbia» және сумен жабдықтайтын «London infrastructure» Қазақстан аумағында жұмыс істейтін болады.  

Джордж ХОЛЛИНГБЕРРИ, ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ САУДА САЯСАТЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА ЖӨНІНДЕГІ МИНИСТРІ:  

«Dunbia» компаниясы жергілікті, ұлттық және халықаралық деңгейде, мал басын өсіруден бастап, етін өндіру мен тасымалдауға дейін айналысады. Ал, суды ең шалғай елді мекендер мен үйлерге жеткізе алатын «London infrastructure» компаниясына келетін болсақ, бұл құны 20 млрд доллларға бағаланатын, 20 жылға жасалатын маңызды жоба.  

Ғ. Қылышбаева