Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбылдықтар жаңа технологияларды енгізу арқылы суармалы жерлердегі су тапшылығын шешуге болады,-дейді

  • AstanaTV
  • 10 қазан 2018
  • 2680

Жамбылдықтар суармалы жерлерге судың жетіспеу проблемасын шешуге Президент Жолдауы сеп болатынына сенеді. Бұл жайында «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан-2050» демократиялық күштердің облыстық коалициясының отырысында айтылды. Аймақ тұрғындарын суармалы жерлерге судың жетіспеуі алаңдатады. Олар егістік жерлерді суару үшін көрші Қырғыз елінен судың 80 пайызын алып отыр. Жиналғандар су қоймаларын салуды қолға алу қажеттігін айтты. Қордай, Меркі және Шу аудандарына салу арқылы қуаңшылықтан құтылуға әрі қырғыздарға тәуелді болудан құтқарады,-дейді.  

Мұратхан ШҮКЕЕВ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:    

Қырғыз Республикасына суға байланысты тәуелді екеніміз анық. Жаңбырлатып, тамшылатып суару технологияларын, су үнемдеу технологиясын пайдаланған жағдайда осы мәселелерді шешуге үлкен әсер ететін болады. Сондықтан, жаңа технологияларды енгізу-басты міндеттердің бірі.  

Ал, Қостанайда бас қосқан демократиялық күштер жалпыұлттық коалиция мүшелері болса, Жолдауда халықты әлеуметтік тұрғыдан қорғауға бағытталып отырғанын баса айтты. Жиналғандар маңызды құжатта көрсетілген нақты нұсқаулар мен межелі міндеттерге тоқталды. Отырыс соңында коалиция мүшелері «Қазақстан-2050» Демократиялық күштер жалпыұлттық коалициясының үндеуіне бірауыздан қолдау білдіретіндігін жеткізді.  

Михаил ДӘУЕНОВ, АЙМАҚТЫҚ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ КҮШТЕР КОАЛИЦИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:  

Жолдаудың негізгі мақсаты елдің ішінде, қоғамның, халықтың тыныштығын сақтау. Ол тыныштық халықтың әлеуметтік мәселесін қорғайтын болсақ сақталады. Сондықтан, бұл кісі жаңағы экономика саласынан және де экспорт саласынан, бизнес саласынан оны да тартып осы әлеуметтік мәселеге қол ұшын беруге шақырды. 

З. Санай