Өскеменде де отын дауы. Қыстың қамына кіріскен тұрғындар көмірдің сапасына наразы. Тонналап алатын отынның тең жартысы тас дейді. Мұны тұрғындар ғана емес, тасымалдаушылардың өздері де жасырмайды. Мүмкіндігі барлары көмірден шыққан тасты кері тапсырып жатқанын айтады. Тас саудасы кімге пайдалы? Тілші тарқатады.
Вера Пашкованың былтыр сатып алған 2 тонна көмірінің 300 келісі кәдімгі тас болып шығыпты. Осыдан аузы күйген қария көмірді мұқият тексеруге мәжбүр.
Вера ПАШКОВА, ЗЕЙНЕТКЕР:
Да камней бывает много, по пол тонны.Да до 300 кг было. Никуда, выкинула.
«Қаражыра» кенішінен тасылған отын осында жиналады.Жұмысшылары көмірді қолымен іріктеп, тасын бөлек сұрыптайды. Мұнда тас тау болып үйіліп жатыр. Ал, наразы тұрғындар, алған көмірді кері қайтарып жатыр.
Николай КОНДРАТЬЕВ, СЕРІКТЕСТІК ДИРЕКТОРЫ:
Кеше бір азаматтан 400 келі тасты кері қабылдап алдық. Акт жасап, құжаттарын рәсімдедік. Кейін осы мөлшерде көмір тиеп беруге уәде еттік.
Бұл үшін «Қаражыра» кенішінің өкілдері келіп, акт жасауы тиіс. Сосын тасты кері қабылдап, орнына басқасын тиейді. Дегенмен, жеткізушілер әлеуметтік көмір тиелген көліктерді кезексіз жібереді. Қала бойынша көмір жеткізу құны 8 мың теңге, ал облыс аумағында 20 мың теңгеге дейін жетеді. Осыны пайдаланған алыпсатарлар қызмет құнын еселеп өсіріп, 100 мың теңгеден асырыпты.
Николай КОНДРАТЬЕВ, СЕРІКТЕСТІК ДИРЕКТОРЫ:
Олар ресми түрде құжаттарын рәсімдеп, келісімшарт жасағысы келмейді. Көмір жеткізуші кәсіпорындармен келісімшарт жасап, оларды әлеуметтік көмірді тасуға міндеттедім. Ал, жалпы кезекте тұрғандар бұл істен басын ала қашады. Алыпсатарлар қала ішіне жеткізуге 18-20 мың теңге, одан алысқа кемінде 60-70 мың теңге алады.
Ал, жеткізушілер көмір облысқа жеткілікті деңгейде әкелінсе, мұндай қарбалас болмасына сенімді. Көмір тасымалымен 20 жылдан бері айналысып жүрген Иван Тимофеев Өскемендегі көмір жинақталар орынға кемінде 15-20 вагон келуі керек дейді. Іс жүзінде вагондар саны жетеуге әрең жетеді деді.
Иван ТИМОФЕЕВ, СЕРІКТЕСТІК ДИРЕКТОРЫ:
Сегодня 6 получил, вчера 7 вагонов. Вы приходите в 2 часа. Этого не будет. Не 15, а 110.
Көмір құрамындағы керексіз жыныстар шыққанын «Қаражыра» компаниясының өкілдері қалыпты жағдай деп түсіндіреді. Олардың сөзінше, кеніште сұрыптау мұқият жүргізіледі. Дегенмен, тасты сапалы көмірге алмастыруға әзір.
Әсет СЫДЫҚОВ, «ҚАРАЖЫРА» АҚ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ МАРКЕТИНГ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:
Біз жеткізетін көмірдегі қоспалар мен күлдің көлемі шамамен 16-19% аралығында. Бәрі де қалыпты мөлшерде. Егер, тиелген көмірдің ішінен аумағы 300 мм асатын жыныс табылса, компания оны басқасына ауыстыруға мәжбүр. Көмір тиейтін орындар мұны бөлек шығарып, тұрғындарға сатпауы тиіс.
Күні бүгін өңірге 840 мың отын жеткізілген. Бұл-қажетті мөлшердің 74 пайызы. Қазір көмір саудасы қызып тұр. Әрі отандық көмір ішкі нарықтан бөлек тоннасына 100 доллардан Қырғызстан, Украина, Польша, Өзбекстан мен Ресейдің шекаралас облыстарына сатылып жатыр.
Е. Карин