Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытайдағы зілзаладан 20 адам қаза тапты

  • AstanaTV
  • 10 тамыз 2017
  • 2774

Қытайдың Сычуань провинциясында болған 7 баллдық зілзаладан кемі 20 адам қаза тапты. Табиғати апат құрбандарының саны бұдан да артуы мүмкін. Өйткені зардап шеккендер саны көп.

400-ден аса адам жарақат алса, оның 20 шақтысы хәл үстінде жатыр. Жергілікті ақпарат құралдары осындай хабар таратты. Қаза тапқандардың ішінде 6 турист бар. Олардың дені Канада мен Франциядан келгендер. Үйінділер астында қалған саяхатшылар көп болуы мүмкін. Қазір іздеу, құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. 2 мың рет қайталанған жер сілкінісі аймақты ойрандатып кеткен. Туристерді қоспағанда, провинцияның 80 миллион тұрғыны бар. Қазақстанмен шекаралас жатқан аймақтағы зілзала күші 4 баллмен Алматыға да жеткен еді.