Қытайдағы
зілзаладан кейін Алматыда экологиялық қауіптіліктің "сары деңгейі"
жарияланды. Алматыдағы Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық орталығының
директоры, бірақ бұл қауіп жоғары екенін білдірмейді, деді. Сейсмологтар алдағы
10 күн бойы жер сілкінісінің «сары» режимінде жұмыс істейтін болады. Олар жер
сілкінісінің деңгейін қатаң бақылауда ұстап, үнемі зерттеуді дамытып отырмақ.
Яғни жағдайды алдын-ала бақылап, төтенше жағдайлар қызметіне ақпарат жеткізіп
отыруы керек. Дегенмен, мамандар табиғи апатты 100 пайыз дәлдікпен болжай
алмайды. Ол шамамен 50-70 пайызға сәйкес келеді.
Әнуар
Боранбаев, "Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық орталығы" АҚ
басқарма төрағасы:
Қытаймен
шекаралас маңдағы аймақтардың барлығын жан-жақты бақылап отыру үшін, қосымша ақпараттар алу
керек. Бірақ қатты дүмпу болады деп алаңдаудың қажеті жоқ. Жалпы Қазақстанның
оңтүстік аймағы зілзала кіндігінде
орналасқан. Сондықтан 3-4 баллдық дүмпулер сезіліп тұрады. Табиғаттың жойқын
апатын алдын-ала ешкім болжай алмайды. Тіпті Гидрометтің ақпары кейде шатасып
жатады. Біз көшкен сары режим - тек сейсмология мамандарының ішкі
дайындығы.