Русский Сайттың толық нұсқасы

Келер жылы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тері мен жүнді сыртқа экспорттауға тыйым салатын болады-А. Мырзахметов

  • AstanaTV
  • 12 қазан 2018
  • 3750

Келер жылы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тері мен жүнді сыртқа экспорттауға тиым салмақ. Астанада дәстүрлі «Алтын сапа» көрмесінің ашылуы кезінде Абылай Мырзахметов осылай,-деді. Көрмеге қатысқандардың 80 пайызы нарыққа жаңадан келген кәсіпкерлер. Биыл агроөнеркәсіп саласында төрт мыңнан астам адам өз ісін ашқан. Көрмеге Диана Сапарқызы қатысып қайтты. 

«Алтын сапаға» ат арытып келген отандық аяқ-киім шығаратын компания өкілі қажетті бөлшектердің 90 пайызын шетелден удай бағаға сатып алатынын айтады. Содан соң, амалсыз отандық аяқ-киімді елде қымбат бағаға сатуға мәжбүр. Әйтпесе, өндіріс тек шығынға батады.    

Юлия ПАЧИНОК, АЯҚ-КИІМ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:  

Біздің өнімімізді таза отандық тауар ретінде ұсынғымыз келеді. Барынша арзан бағаға сатқымыз келеді. Бірақ, қазіргі кезде ол мүмкін емес. Елде кішігірім тері өндіретін зауыттардың шикізаты бізге лайық сапада жасалмайды. Аяқ қиім үшін тым қалың. Өкінішке орай, қазақстан өкшені де, бауды да шығармайды. Сондықтан, бәрін шет елден алуға тура келеді.

Диана САПАРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:  

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бұдан былай тері мен жүнді шикізат ретінде сыртқа сатуға тиым салмақшы. Одан дайын өнім алуды қолға аламыз деп отыр. Яғни, «Made in Kazakhstan» киім-кешектері көбейсе дейді. Әйтпесе, ауылдағы қара қойдың жүнінен тігілген кеудешені сырттан бәленбай мыңға сатып алуға мәжбүрміз.

Абылай МЫРЗАХМЕТОВ, «АТАМЕКЕН» ҚР ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ: 

Өзімізде мал шаруашылығы үлкен. Одан қалған қалдықтары жүн тері өзімізде қалады. Көптен бері бұл саланың барлығы құлдырап, өкінішке орай осы шикізаттың барлығы Қытайға кетіп жатыр. Қытайдан өнделіп өзімізге қайтып қосымша құны Қытайда қалып өзімізге тауар келіп жатыр. Жақын арада Досав мырза басқаратын үкімет арлаық комиссия бар. Шешім қабылданды. Яғни, шикізатты шетелге шығаруға тыйым салынады.

Мырзахметовтың ойынша, отандық өндірісті дамыту үшін, шығарылатын тауардың көлемі де көп болуы керек. Сол баяғы несиеның пайыздық үстемақысын азайтып, сауда орталықтарында отандық кәсіпкерлерге барынша жеңілдік жасау керек.  

Абылай МЫРЗАХМЕТОВ, «АТАМЕКЕН» ҚР ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ: 

Елбасының айтқаны, халыққа жетімді болу үшін өндіретін тауарының көлемі үлкен болуы керек. Егер, сіз 10 көйлек шығарсаңыз,оның құны әрине 1000 көйлекке қарағанда әртүрлі болады. Әрине, шикізатты ана жақтан валютаға алып келгеннен кейін оның құны болады. Сондықтан, шикізатты өзімізде жасау керек.

Биыл, отандық өнімді экспортаушыларды қолдау мақсатында бюджеттен 500 млрд теңге бөлінеді. Ал, өндірісті жалпы қаржылай қолдауға 600 млрд теңге несие қарастырылған. 

Абылай МЫРЗАХМЕТОВ, «АТАМЕКЕН» ҚР ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ: 

Қазір 2 мың кәсіп орынды паспорттап олардың не қиыншылық көріп отырғанын бәрін біліп отырмыз. Оның бәрі Үкіметке жеткізілді. Жылдың басынан бастап, осы бағдарламаны барлығы күшіне енеді деп отырмыз. Сөйтіп әр салаға нақты көмек болады. Кімге шикізат керек, кімге қаражат керек.

Биыл «Алтын сапа» байқануына қатысушалар саны артқан. Көрменің 80 пайызы нарыққа жаңа шыққан бизнесмендер. Сапалы тауарларға «Атамекен» палатасының ресми сайтында онлайн дауыс беру жүріп жатыр. Осылайша, еліміздің «Үздік тауары» желтоқсан айында анықталады. 

Д. Сапарқызы