Русский Сайттың толық нұсқасы

«Союз» зымыран құлаған аумақтың радиоактивті және химиялық ахуалы қалыпты

  • AstanaTV
  • 12 қазан 2018
  • 2891

Байқоңырдан құлаған зымыран қалдықтарын іздеу жұмыстары тоқтады. Бүгін еліміздің Төтенше Жағдайлар Комитеті осындай ақпарат таратты. Кеше апаттан соң барлық күш құрылымдары тартылып, аумақта іздестіру жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде Жезқазған қаласынан 40 шақырым жерден зымыран тасығыштың бір бөлігі табылды. Қалған екі бөлшегі құлауы мүмкін Қызылорда, Павлодар, Шығыс-Қазақстан облыстары да тексерілген. Бірақ, ештеңе табылмады. Сөйтіп кеше кешкі 8-де іздестіру жұмыстары тоқтатылды. «Союз» зымыраны құлаған аумақта радиоактивті және химиялық ахуал қалыпты,-дейді төтеншеліктер. Апат салдарынан ғимараттардың бұзылуы, орман және дала өрттері тіркелген жоқ. Бұдан әрі зерттеуді «Роскосмос» мамандары жалғастырады. Естеріңізге салайық, кеше Байқоңырдан ұшқан «Союз» зымыраны апатты жағдайда Қарағанды облысы аумағына қонған еді. Экипаж мүшелері дін-аман. 

Б. Надирқызы