Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде жарылған бензовозға қатысты сараптама қорытыңдысы шықты

  • AstanaTV
  • 12 қазан 2018
  • 2901

Ақтөбеде жарылған бензовозға қатысты сараптама қорытындысы шықты. Оқыс оқиғаға технологиялық процесстің дұрыс жүрмеуі және қытайлық компанияда күзет режимінің бұзылуы себеп болған. Зардап шеккендер оқиғаға кінәлі емес,-дейді комиссия.  

Самат ТӘЖДӘУЛЕТОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: 

Комиссия мүшелерінің көпшілігінің пікірінше бірінші себеп мекемеде күзет режимі бұзылған. Ал, екіншісі технологиялық процесс дұрыс болмаған. Негізі себебі осы. Ал, зардап шеккендердің оқиғаға кінәсі жоқ. 

Еске салсақ, оқыс оқиға бір ай бұрын «Синойл» компаниясының қоймасында болған еді. «АИ-92» жанармайын көлікке құю кезінде жарылыс болып, өрттен екі оператор мен жүргізші зардап шекті. Денесін қатты күйік шалған 55 жастағы әйел мен 38 жастағы ер адам бір аптадан соң ауруханада көз жұмды.  

Б. Рахметова