Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда әскери бөлімде алғашқы коворкинг орталық ашылды

  • AstanaTV
  • 12 қазан 2018
  • 3004

Елде бірінші болып Павлодардағы әскери бөлімде коворкинг орталығы ашылды. «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері 55/12 әскери бөлімінің кітапханасында кезекті кабинеттің тұсауын кесті. Орталықтың ашылуына орай мұндағы кітап қоры жаңартылған. Кітапхана Елбасы туралы 400 томмен, өлкетану, сондай-ақ басқа да көркем әдеби шығармалармен толықты. Қазір мұнда мыңнан астап кітап жиналған. Айта кетері, орталыққа келушілер КьюАр-код арқылы интернет-кітапханаға шығу мүмкіндігін алды. Сарбаздар бос уақытында шахматта бақ сынап, түрлі үстел ойындарын ойнайды. Мұнда тіпті кино көріп, қызықты іс-шаралар ұйымдастыруға да жағдай жасалған.  

Санира ЖҮСІПОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ «ЖАС ОТАН» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:  

Ол не береді біздің сарбаздарға? Жаңа мүмкіндіктер, оқу қабілеттерін, жобаларын іске асыруға борыштарын атап өткеннен кейін. Бүгінгі күні ресблуилика бойынша Павлодар облысының бірінші коворкинг орталығы ашылып жатыр. 

А. Мұхитова