Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандық дәрігерлер алыстан көрмейтіндерге 25 секундтық ота жасауды меңгерді

  • AstanaTV
  • 15 қазан 2018
  • 5197

Көзі алыстан көрмейтіндер үшін 25 секундтық операция. Бүгін неміс ғалымы Вальтер Секундо қазақстандық офтольмологтарды өз жобасымен таныстырды.  

Алматыда өтіп жатқан Германия мен Қазақстанның үздік офтальмологтары бірлескен «тірі хирургия» конференциясы барысында 10 ота жасалды. Көздегі артық тіндерді өте жылдамдықпен алып тастау лазерлік аппараттардың көмегімен іске асады.  

Вальтер СЕКУНДО, МАРБУРГ ОФТАЛЬМОЛОГИЯ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ (ГЕРМАНИЯ): 

Адам операция столынан тұрған соң 3-4 сағатта айналасын көре бастайды, тіпті мұны «тұманның арасынан көру» деп те атаймыз. Келесі күні жұмысқа шыға берсе де болады. Әлемде бұл операцияны 1,5 млн. адамға жасадық. Көздегі ауру тінді 25-26 секунда алып тастау тәсілі көп елде қолданылып жатыр.  

Неміс профессоры операцияның сәтті өтуіне науқастың жас ерекшелігі де әсер етеді,-дейді. Мұндай хирургиялық әдіс негізінен көз жанары толық жетілген ересек адамдарда сәтті өтетін көрінеді. Алайда, Қазақстанда жанары алыстан көрмейтін, яғни, «миопия» дертіне әрбір 10-шы жасөспірім шалдыққан.   

Марат СҮЛЕЙМЕНОВ, ҚАЗАҚ КӨЗ АУРУЛАРЫ ҒЗИ БАС ДӘРІГЕРІ: 

Біз Алматы, Астана сияқты үлкен орталықтардан тыс аймақтар да осы операцияларды меңгерсе дейміз. Әрине, әлемдік трендтер мен жаңа технологиялар зерттеу инситуттарына бірінші енеді. Арнайы «Жол картасы» бойынша тәжірибе мен жаңалықтарды Қазақстан бойынша тарату үшін өңірлік дәрігерлерді де шақырып отырмыз.  

Р. Асқарбекұлы