Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматылықтар жеңіл атлетика ережесіне сай жарыс жолына шықты

  • AstanaTV
  • 15 қазан 2018
  • 2708

Алматыда «Нұр Отан» партиясының қолдауымен жеңіл атлетикадан спартакиада ұйымдастырылды. Шараның ерекшелігі-оған партия мүшелерімен бірге құрылыс компаниясы қызметкерлері де қатысты. 100 метр, 400 метр және эстафета сайысынан тұратын спартакиадаға 270 адам қатысуға ниет білдірген. Әуесқой желаяқтар жас айырмашылығына қарай бақ сынады. Жарыс соңында жүзден жүйрік шыққан жеңімпаздарға медаль тағылып, арнайы марапатталды.  

Мұхит ӘЗІРБАЙ, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: 

Ең үлкен мақсаты-ол мына денсаулық сақтау мәселесінде тек қана денсаулық сақтау емес, жалпы, рухани жаңғыру дейміз ғой. Сол «Рухани Жаңғырудың» бір бағыты. 1,5-2 сағаттың ішінде адам көңілін көтеріп, бір әсер алады деп ойлаймын. «Нұр Отан» партиясымен алғаш рет өткізіп отырмыз. Бірақ, мен ойлаймын осындай шараны жиі-жиі өткіземіз деген пікірдемін. 

О. Нұржақып