Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжар өңірінде сүт безінің қатерлі ісігі дендеп барады

  • AstanaTV
  • 15 қазан 2018
  • 3157

Қызылжар өңірінде сүт безінің қатерлі ісігі дендеп барады. Былтыр бұл дерт 128 әйелде анықталса, биыл олардың саны 20 пайызға өскен. Бұл жайында облыстық онкологиялық диспансер мамандары хабарлады. Ақ халаттылар аталған бағытта жұмысты күшейткендерін айтады. Скринингтік тексерістерден бөлек, дәрігерлер сенбі сайын ашық есік күнін өткізуді қолға алған. Соңғы рет 78 нәзік жанды тексеріліп, екеуінен обыр дерті табылды. Дәрігерлер қатерлі ісікті бастапқы кезеңде анықтау науқас өмірін 10-15 жылға ұзартады деп отыр.  

Олег ДУДЯК, СҚО ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ДИСПАНСЕР БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Қазір Солтүстік Қазақстан облысында 9300-ге жуық адам обыр дертімен ауырады. Сүт безінің қатерлі ісігі біздің аймақта екінші орында тұр, яғни, 11 пайызды құрайды. Бұл дертке көбінесе 50-ден асқан әйелдер шалдығады. Кейде отыздан асқан келіншектерде де кездесіп отырады. Сондықтан, уақыт бөліп, денсаулықты ара-тұра тексеріп отырған жөн. 

А. Курманкин