Русский Сайттың толық нұсқасы

38 мыңға жуық талапкер оқу грантына ие болды

  • AstanaTV
  • 10 тамыз 2017
  • 2607

Бүгін мемлекеттік оқу гранттарына ие болғандардың тізімдері жарияланды. 38 мыңға жуық грант талапкерлерге түгелімен бөлінген. Ақпарат Ұлттық тестілеу орталығының сайтына ілінді. Алайда, ресми сайтты қолданушылар саны тым көп болғандықтан, сайт біраз уақытқа істен шыққан. Кейін тізім Білім және ғылым министрлігінің сайтында да жарияланды.

Биыл 37 932 грант бөлінген болатын. Оның 35 082-сі жоғары білім алуға, 34 782-сі күндізгі оқу мен 300 грант сырттай білім алуға арналған. Техникалық ғылымдар мен технологиялық мамандықтарға грант көп бөлінген - 13 670 грант. Одан кейінгі сатыда педагогикалық мамандықтар. 8 235 грант.  Медициналық мамандыққа 3 150 грант бөлінсе, ауыл шаруашылығы мен ветеринарлық саласына 2 682 грант қарастырылды.