Биыл астық экспорты да 64 пайызға артып отыр. 9 айда Қазақстан сыртқа 6 млн тоннаға астық жөнелткен.Бұл туралы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ бас директорының міндетін атқарушы Қайрат Сәуірбаев айтты. Сатып алушылар алушылар әдеттегідей Орталық Азия елдері, Иран, Ауғанстан, Қытай және Ресей. Қазір астық тасымалын ұйымдастыру үшін Ақмола мен Қостанай темір жол бөлімшелерінде шұғыл штаб жұмысқа кіріскен.
Қайрат СӘУІРБАЕВ, «ҚТЖ-ЖҮК ТАСЫМАЛЫ» АҚ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
Биыл астық жеткізілетін мыңға жуық вагон жаңартылды. Егер, тасымал көлемі артып жатса, Грузия, Өзбекстан және Тәжікстаннан вагондар алуымыз мүмкін. Қытаймен темiр жол вагондарын беру туралы келiсiмге қол жеткiзiлдi. Қазіргі астықты жөнелтудің тағы да жаңа бағыттары да жасалып жатыр. Биыл экспорт бойынша Ресеймен бәсекелесе аламыз. Көрші елдің сыртқа астық тасымалы 86-дан 71 пайызға түседі деген болжам бар.
Ғ. Қылышбаева