Русский Сайттың толық нұсқасы

«7-20-25» бағдарламасымен пәтер алушылар арасында 1-2 бөлмелі пәтерлер сұранысқа ие

  • AstanaTV
  • 16 қазан 2018
  • 1943

«7-20-25» бағдарламасымен ипотекалық несие алатын негізінен 25-35 жас аралығындағы азаматтар. Көбі ер адамдар. Ал, қарыз алушылардың орташа табысы 300 мың теңгені құрайды. Бірақ, Алматы, Астана, Ақтау, Атырау тұрғындарының айлығы бұдан 40 мыңға жоғары. Бұл қалалардағы қарыз көлемі 13 миллион шамасында. Ал, өзге аймақтағылардың табысы әлдеқайда төмен. Ай сайынғы 214 мың теңге жалақымен 9 миллион теңге қарыз алған. Негізінен 20 жылға рәсімдейді. Ал, 40 пайызы 25 жылға алған. Қарыз алушылар арасында 1,2 бөлмелі пәтерлер сұранысқа ие. Бұл қарызға берілген баспананың 78 пайызын құрайды. Ұлттық банк 10-шы қазанда пәтер алуға 40 млрд қарыз сұраған 3340 арыз түскенін хабарлады. Оның ішінде 26 млрд теңгенің несиесі берілген. Бұл 2180 адам баспаналы болды деген сөз.  

Г. Меңдеева