Русский Сайттың толық нұсқасы

«Елорда Жастары премиясы» байқауы басталды

  • AstanaTV
  • 16 қазан 2018
  • 8241

«Елорда Жастары премиясы» байқауы басталды. Биыл түрлі салаға 20 номинация ұсынылған. Бұл жолы жеңімпазды дауыс беру арқылы халық таңдайды. Ал, үздік шыққандар 100 мың теңге иеленеді. Былтырғы сыйақы қоры 150 мың теңгені құраған. Айта кетсек, өткен жылы байқау «Астана Дарыны» деп аталған. Байқау «Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру» мақаласы аясында өткізілмек.  

Үкібай НҰРПЕЙСОВ, «АСТАНА ЖАСТАРЫ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: 

Бүгін, 16 қазан ашық деп жариялаймыз. 16 қарашаға дейін документтер қабылданатын болады. Ал, 16-нан бастап іріктеу жасаймыз, іріктеуден кейін біз онлайн түрде 25 қарашаға дейін дауыс беруді қабылдаймыз. Өтінімнің барлығы www.elordapremiasy.kz сайтында қабылданатын болады.  

Байқауға 14 жас пен 29 жас аралығындағы Астана тұрғындары қатыса алады. Сонымен қатар, Қазақстан азаматы болуы шарт. Өткен жылы «кино» номинациясында үздік деп танылған Жұлдыз Абдукаримова байқаудың жастарға берері мол,-дейді.  

Жұлдыз АБДУКАРИМОВА, «АСТАНА ДАРЫНЫ 2017» КОНКУРСЫНЫҢ «КИНО» НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША ЖЕҢІМПАЗЫ: 

Өнер саласынан бөлек, ғылым, медицина саласында жүрген жастарымызда көп. Олардың бірі білсе, бірі білмей жатады. Сондықтан, БАҚ арқылы, танымал, өнер адамдары арқылы хабарлап, жеткізіп жатқандарыңыз дұрыс. Бұны, әрине, мен де қолдаймын.