Русский Сайттың толық нұсқасы

ЕАЭО-қа мүше елдерде ортақ зейнетақы келісімшарты келесі жылы қабылдануы мүмкін

  • AstanaTV
  • 14 тамыз 2017
  • 2901

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер ортақ зейнетақы келісімшартын келесі жылы қабылдауы мүмкін. Бұл туралы бүгін Астанада өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында белгілі болды. Оған одаққа мүше 5 елдің Үкімет басшылары қатысты. Ортақ энергетикалық нарық, ортақ транспорттық дәліз және ортақ еңбек нарығын құру  мәселелері пысықталды. Еуразиялық экономикалық одақ аумағында ішкі нарықта кедергісіз орта құру жұмыстары жалғасады, деді Сағынтаев. Қазір 60-тан астам кедергілерді жою бойынша жол карталарын әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

Ортақ еңбек нарығы туралы мәселе әлі шешілген жоқ. Зейнетақымен қамту туралы келісімшартты шағын құрамада талқыладық. Мемлекеттік деңгейде санаттарды мойындауға қатысты проблема бар. Ол жүргізуші куәліктерніе қатысты. Айтылған пікірлерді ескере отырып, жақын арада шешім шығады деп ойламын.

Ортақ зейнетақы келісімшарты одаққа мүше елдер арасында зейнетке шығарда басқа елдерде істеген жылдардағы еңбек өтілін жоғалтпауға бағытталған. Сондай ақ, жүргізуші куәліктері барлық елде бірдей танылтын ортақ транспорттық кеңістік құру көзделеді. Отырысқа қатысушылар Үкіметаралық кеңестің кезекті басқосуы қазанда Ереванда өтеді деген ортақ шешім қабылдады.

Сооронбай Жээнбеков, Қырғыз Республикасының премьер-министрі:

Мы выступаем за то, чтобы данный договор был подписан как можно скорее в 2018 г.