Русский Сайттың толық нұсқасы

Бюджет бас-көзсіз жоспарланады-Н.Нығматулин

  • AstanaTV
  • 17 қазан 2018
  • 2066

Бюджетті бас-көзсіз жоспарлау. Мәжіліс спикері Ұлттық экономика министрлігінің жұмысына осындай баға берді. Бүгін төменгі палата 2018-2020 жылдарға арналған бюджет жобасын қараған. Онда депутаттар Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолы мен Балқаш-Алматы арасындағы жол құрылысы қашан аяқталатынын сұрады. Алматыға жол салуға дүниежүзілік банк ақшаны кешіктіріп жатыр. Ал, батыста тас жол тартуға Инвестициялар және даму министрлігі әу баста «Ислам» банкінен қарыз алған. Кейін одан бас тартып, «Азия даму» банкіне жүгінген. Осы тұста Нығматулин сыртқы қарызға батқанша, іште игерілмей қалған ақшаны жұмсау керек,-деді.    

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:  

Тимур Мұратұлы, бюджетті бас-көзсіз жоспарлау деген осы. Оң қол сол қолдың не істеп жатқанын білмейді. Бір министрлік заем алуға қол қояды. Одан кейін ол қаржыны қысқарту, құрылыстан бас тартуды айтады. Егер, бюджетте ақша болса, жолды сол қаражатқа монтаждайық. Адамдар қанша болды күтіп жүр?! 

М. Дюсекина