Қырымдағы жарылыстан соң 3 күндік аза тұту күні жарияланды. Қазір жантүршігерлік оқиға болған политехникалық колледждің алдына гүл шоқтары мен май шамдардар қойылып жатыр. Соңғы ақпаратқа сәйкес, Керчьтегі колледжде қаза болғандар саны 21 адамға жетті. Оқиға құрбандарының туыстары мәйіттерді танып жатыр. Бұған дейін болжанған «Лаңкестік» бабы «Адам өлтіру» бабына өзгертілген. Қырым басшысы оқ атып, жарылыс жасаған қаскүнем сол политехникалық коллеждің 4-ші курс студенті екенін хабарлады. Ол ғимаратты жарғаннан кейін өз-өзіне қол салып, мылтықпен атылып өлген.
Сергей АКСЕНОВ, ҚЫРЫМ БАСШЫСЫ:
Қазір ең бастысы ол адамның неге бұндай қылмысқа барғанын анықтауымыз қажет. Әзірге ештене түсінбей отырмыз. Колледж директорының айтуынша, бұған дейін ол адамнан ешқандай ерсі қылықтар байқамаған. Студент өз-өзіне қол жұмсап, көз жұмды.
Сергей Аксеновтың хабарлауынша, зардап шеккендер саны 53-ке жеткен. Оның 12-сі ауруханада өліммен арпалысып жатыр. Комитет ақпаратынша, Керчьте анықталмаған жарылғыш құрал жарылған. Қазір құқық қорғау органдары коллежд студентінің бұндай әрекетке баруына не себеп болғанын анықтап жатыр.
Д. Сапарқызы