Халықтың 90 пайызына Президент Жолдауындағы мәселелер маңызды деп танылды. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясында өткен семинарда айтылды. Сондай-ақ, жұртшылықтың 85 пайызы стартегиялық құжаттан көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап тапқан. Жиын барысында Жолдаудың әр бағытына мұқият назар аударылды. Айта кетсек, агроөнеркәсіпті дамыту, медицина қызметнің сапасын арттыру, халықты сапалы өнімдермен қамтамасыз ету сұрақтары қозғалды. Жиынға бейнебайланыс арқылы партияның аймақтық филиалдары да қатысты.
Фархад ҚУАНҒАНОВ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:
Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы қазақстандықтардың өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған. Елбасы әсіресе елдің әлеуметтік жағдайына баса назар аударды. Халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында берілген нақты тапсырмаларды жүйелі де сапалы түрде орындауымыз қажет.
Д. Сапарқызы