Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда құны 70 миллион теңгеге жуықтайтын киік мүйіздері өртелді

  • AstanaTV
  • 18 қазан 2018
  • 3233

Оралда құны 70 миллион теңгеге жуықтайтын киіктің 148 дана мүйізі өртелді. Бұлар-браконьерлерден тәркіленген айғақ заттар. Қазақстандық биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының өкілдері мұндай шара алғаш рет ұйымдастырылғанын айтты. Осыған дейін полиция тәркілеген мұндай олжа жасырын жойылып келсе, енді бұл іс жариялы түрде жүзеге асады. Ассоциация өкілдерінің дерегінше, қара базарда киік мүйізінің келісі 5-8 мың доллар аралығында. Киікті аулауға, сатуға елімізде заңмен тыйым салынған. Тек ғылыми мақсатта пайдалануға болады,-дейді мамандар.  

Мұхит СҮТТІБАЕВ, ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БИОАЛУАНТҮРЛІЛІКТІ САҚТАУ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ КИІКТІҢ ЗАҢСЫЗ САУДАСЫНА ҚАРСЫ АҚПАРАТТЫҚ НАУҚАННЫҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ:

Әлемде өте көптеген тәжірибелер бар. Осындай ұсталған, тәркіленген дәйектерді сатып, ақшасын табиғат қорғау саласына жұмсаймыз деген. Бірақ, олардың көбінде қаскөйлердің көбеюіне септігін тигізіп отыр. Өйткені, браконьерлерді ұстап аламыз, олардан мүйіздерін тәркілейміз. Тәркіленген мүйіздерді қайтадан сатып жатсақ, онымен күрестің ешқандай мәні болмайды. 

Жыл басынан бері Оралда заңсыз киік аулағандардың үстінен 33 қылмыстық іс қозғалып, 111 киік өлексесі мен 201 мүйіз тәркіленген. Сонымен қатар, көктемгі рейд кезінде табылған 5 тонна балық та арнайы шұңқырға тасталды. 

Е. Карин