Русский Сайттың толық нұсқасы

«Жар-жар» авторы Әбдірахман Асылбеков өмірден өтті

  • AstanaTV
  • 19 қазан 2018
  • 7149

«Жар-жар» әнінің сөзін жазған әйгілі ақын Әбдірахман Асылбеков 81 жасында өмірден өтті. Ол күллі қазаққа таныс сай-сүйекті сырқыратар «Желтоқсан желі» әнінің өлеңін шығарды. Мейрамбек Беспаевтың орындауындағы «Бозторғай» әнінің де сөзін жазған болатын. Барлығы 300-дей әнге өлең шығарған ақын белгілі композиторлармен шығармашылық байланыста болды. Талай келіннің бетін ашып, талай қазақтың мұңын жеткізген ақынның өлеңдерін әрбір қазақ жатқа біледі. Ертең Жазушылар одағының ғимаратында марқұммен қоштасу өтеді. Ақын туған жері Жамбыл облысы Талас ауылындағы Үшарал ауылына жерленбек.  

Бейбіт ОРАЛҰЛЫ, САЗГЕР:  

Роза Рымбаевдан бастап, Мақпал Жүнісова, қазіргі көптеген жұлдыздардың, Гаухар Қаспақова, Алтынай Жорабаева сияқты көптеген әншілерге жазған менің әуендерімнің сөзін Әбдірахман ағамыз жазды. Қазақтың ән жанрында музыкаға ән жазатын бірден бір ақын.

Р. Асқарбекұлы