Елде жедел жәрдем қызметін шақыру жыл сайын 500 мыңға артады. Бұл жалғаса берсе, медициналық көмек сапасы төмендейді. Республикалық санитарлық авиация орталығының директоры Нұржан Отарбаев осылай,-деді. Мұндай жағдайда не көлік, не медициналық жабдық жетіспеуі мүмкін. Дамыған елдерде жедел жәрдемнің орташа жүктемесі тәулігіне 7-8 қоңыраудан аспаса, бізде 23-ке дейін барады. Шақырту көбейсе, жүктеме артып, жедел жәрдем сапасы нашарлай түспек.
Нұржан ОТАРБАЕВ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САНИТАРЛЫҚ АВИАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Елде мысалы, 100 адамға 40 жедел жәрдем көмек көрсетеді. Басқа елдерде 100 адамға көрсетілетін қызмет 10-нан аспайды. Бұл тұрғыда біз 4-5 есе ауыр жұмыс істейміз. Кейбір елдермен салыстырғанда тіпті 10 есеге ауыр. Біз жедел-жәрдемге көп ауыртпалық салып отырмыз.
А. Бектас