Бүгін белгілі көркем әдебиет сыншысы, публицист Амангелді Кеңшілікұлының «Қазақты сүю» шығармашылық кешінің шымылдығы ашылды. Қаламгердің 50 жылдық мерейтойына орай өткізілген салтанатты жиынға зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, қоғам қаламгерлері қатысты. «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев та мерейтой иесін құттықтады. Ол кеш иесінің қазақ әдебиеті айдынындағы орны ерекше екеніне назар аударып, партия тарапынан ақын-жазушыларға әрдайым қолдау көрсетілетнін атап өтті.
Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ, ПУБЛИЦИСТ, КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТ СЫНШЫСЫ:
«Рухани Жаңғыру» деген бағдарламасын жария еткен болатын Президентіміз. Қазіргі уақытта «Нұр Отан» партиясында осыған байланысты көптеген жұмыстар жасалып жатыр. Атап айтсақ, шығармашылық интелегенцияға қолдау көрсету. Оларды таныстыру, елге таныту. Солардың шығармашылығын халыққа таныту деген мақсатта осы іс-шара өтіп жатыр.
Амангелді Кеңшілікұлы халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Елбасы» стипендиясының иегері, «Мұқағали Мақатаев» атындағы сыйлықтың лауреаты. Жазушының «Ақ жауын», «Қарлығаш дәурен», «Сөз патшасы», «Қазақты сүю» сияқты туындылары, сыни мақалалары топтастырылыған көптеген кітаптары жарық көрді.
Д. Сапарқызы