Русский Сайттың толық нұсқасы

2019 жылдан бастап медициналық қызмет көрсету 100 пайыз электронды форматқа көшеді

  • AstanaTV
  • 19 қазан 2018
  • 2178

Денсаулық сақтау саласының 89 пайызы қағазсыз форматқа өтті. Ал, жаңа жылдан бастап елдегі емханаларда барлығы түгел электрондық қызмет көрсете бастайды. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау вице-министрі айтты. Елде цифрлық сауаттылыққа үйрететін 546 орталық ашылып, онда 6 млн-дай қызметкер оқыған. Электронды төлқұжат тиімділігін көрсете бастаған. Енді Денсаулық сақтау министрлігі Еңбек министрлігімен бірге мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мүгедектік тобын берудің пилоттық жобасын әзірлеп жатыр.  

Олжас ӘБІШЕВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Азамат еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министріліне барып, маған осы инвалидностты бекіту немесе қайта бекіту керек деп сұрайтын болса, оны министрлік поликлиникаға жібермейді. Ақпаратттық жүйені сол азаматтық туралы мәліметтерді ала отырып, комиссия толығымен мәліметтерге қол жеткізе алады. Азамат тек қана өтініштің қарастырылғанын немесе қарастырылмағанын көруге ғана келеді.  

Ғ. Қылышбаева