Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұр Отан» мен Қытай Компартиясы партиялық құрылыс, кадрлар даярлау және жастар саясаты мәселелері бойынша ынтымақтастықты арттырып жатыр

  • AstanaTV
  • 19 қазан 2018
  • 2713

«Нұр Отан» партиясы мен Қытайдың коммунистік партиясы бірнеше бағыт бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастырмақ. Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтың ҚХР-ның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Сяомен кездесуінде белгілі болды. Тараптар партиялық құрылыс, кадрлар даярлау мәселелерінде тәжірибе алмасуға, сондай-ақ жастар саясатындағы ынтымақтастықты арттыруға дайын екендіктерін білдірді. Ал, елде 2019 жылдың «Жастар жылы» деп аталуы қытайлық әріптестерді ерекше қызықтырып отыр. Әңгіме барысында екі ел арасындағы қарым-қатынастың жақсаруына негізгі себеп екі мемлекет басшыларының достығы екендігі айтылды. Мәселен, соңғы 6 жылда Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытай төрағасы Си Цзиньпин 18 рет кездескен. Екі елдің ірі саяси партиялары да осы тиімді диалогты жалғастырып, өзара дамытуға дайын.