Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте үш ауысымда бала оқытып жатқан 19 мектептің мәселесі шешілер емес

  • AstanaTV
  • 19 қазан 2018
  • 3479

Шымкентте үш ауысымды мектептер мәселесі алдағы бірер жылда шешілуі екіталай. Биыл бар болғаны бес мектептің құрылысы жүріп жатыр. Ал, мегаполисте 19 мектеп осы мәселемен бетпе-бет қалып отыр. Бұл проблема неліктен туындады? Мұғалімдер тығырықтан қалай шығып жатыр? Әріптесім Айзада Төребекқызы айтады.  

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ: 

Үш ауысымда білім беретін мектептерде бірден бір қиындық көріп отырған бастауыш сынып оқушылары. Бала саны тым көп. Бір класта орта есеппен 40 баладан отыр.

Осында қиындықты бастан өткеріп отырғандарды бірі-Шымкенттегі Зоя Космодемьянская атындағы № 23 мектеп-лицей ұжымы. 4 686 оқушысы бар. Былтырғыдан 286 балаға артық. Тіпті, осы мөлтек ауданға арнайы көшіп келіп жатқандар бар екен. Оқушы саны артқандықтан басы артық сынып жоқ. Мұғалім жүктемесі де аз емес.  

Жанар ТОЙЛЫБАЕВА, З.КОСМОДЕМЬЯНСКАЯ АТЫНДАҒЫ №23 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ ДИРЕКТОРЫ:  

Бес күндік оқуға сыйғыза алмаймыз, сол қиындық. Мысалы, қазір бес күндік оқуға мүмкіндігі бар мектептер өтіп жатыр ғой, ал біздің мектепте техникалық біздің кабинет тапшылығы болғандықтан бес күндік оқытуды негізі бес күнде инвариативті жоспардағы сағат сандары сенбіге оқушы компонетінен сағат сандары болып алты күнде де оқытып жатырмыз.

Қалалық білім басқармасының дерегінше шахарда 5 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Келесі жылға төрт мектеп салу жоспарланған. Тағы 10 мектептің мәселесі қашан шелілері белгісіз.  

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ: 

Шымкентте нақты қай аудандарда мектеп құрылысы жүріп жатыр, қанша мектептің жүктемесі жеңілдейді? Бұл жайында ертең «Біздің уақыт» апталық сараптамалық бағдарламасында тарқатып айтатын боламын.

А. Төребекқызы