Русский Сайттың толық нұсқасы

Ермегияевке жайлы жағдай жасағандарға қатысты сот үкімі шықты

  • AstanaTV
  • 22 қазан 2018
  • 2851

Темір тордың ар жағында Ермегияевтің жағдайын жасаған түрме басшылары шендерінен айрылып, үш жылға дейін сотталуы мүмкін. Бүгін Астанада Байқоңыр аудандық соты тиісті үкім шығарды. Сот 166/10 түзету мекемесінің бұрынғы басшысы Нұрлан Әбенге 3 жыл, оның орынбасары Талғат Мұсаевқа 2 жыл жаза кесті.  

Айжан ҚҰЛБАЕВА, АСТАНА Қ. БАЙҚОҢЫР АУДАНДЫҚ № 2 СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ: 

Әбен Нұрлан Қылмыстық кодекстің 362 бабының 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Ол өзіне және басқа адамдарға пайда әкелу мақсатында өз қызметін асыра пайдаланған. Ол полковник дәрежесінен айрылды. Оның орынбасары Талғат Мұсаев Қылмыстық кодекстің 28-бабының 5-бөлігі, 362-бабы, 4-бөлігі, 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, екі жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, ол майор атағынан айырылды.  

Естеріңізге салайық, 166/10 түзету мекемесінің бұрынғы қызметкерлері «ЭКСПО»-ға бөлінген млрд-ды жымқырып, сотталған Талғат Ермегияевке жайлы жағдай жасады деп айыпталған-тын. Ол 2016-2017-жылдары аталған мекемеде жазасын өтеді. Ермегияев түрменің өнеркәсіптік аймағында цехтың бірнеше бөлмесін иеленген. Ол ұялы телефонды емін-еркін пайдаланған. Бөлмесінде тұрмыстық техниканың түр-түрі болған. Тіпті, оған ішімдікке дейін тартылған.  

Ғ. Қылышбаева