Русский Сайттың толық нұсқасы

«Өзге пікір» айдары

  • AstanaTV
  • 13 ақпан 2016
  • 1842

Бұдан былай мемлекттік қызметкерлерге тілін таппақ болғандардан сыйға алған заттарымен қоштасуға тура келеді. Олар сыйлықтарын қайтарып жатыр. Сыйлаған адамға емес. Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне. Бірақ... Әзірге үш сыйлық қана қайтарылған. Ұялы телефон, автоқалам және виски. Күлкілі сияқты ма? Күлкілі болсын, болмасын, енді олар электронды аукционда сатылады. Түскен ақша бюджеттің бүйірін «жабуға» жұмсалмақ. Айтпақшы қимай қалса, шенеунік сыйлығын өзі сатып ала алады. Бірақ әлі ешкім кері сатып алмаған. Сыйлықты тапсырғандар кілең министрліктер. Honor телефонын ауылшаруашылығы министрлігі, вискиді Қаржы, ал авто қаламды Индустрия және даму министрліктері тапсырған. Айтпақшы, алған сыйлықты шенеунік 7 күн ішінде өткізуі керек.   

Астана:

Әй, «әзілкештер-ай»)))

Әмір:

Ой, күлкім келеді!!! Көліктер қайда?))))))

KZman:

Вискиді іше салу керек еді))))

E14:

Күлейін бе, жылайын ба?

Кір, әрі лас Ақтөбе:

Одан да бармаққа қыстырып алғандарыңды тапсырыңдар, сонда пайда болады...

Мммммм:

Мына сыйлықтар аз ғой. Не, шенеуніктердің жұмысын ешкім бағаламайтын болған ба?))))

Аноним:

Параларыңды тапсырыңдар, оларды да аукцион арқылы сатайық. )))

Азамат:

Сгущенканың банкасын да тапсырасыңдар ма?)))))

Шенеуніктер бағалы сыйлықтарын тапсырып, заңға «бағынатындарын» көрсетіп жатыр. Ал біздің құтқарушылар мен полицейлер молшылық дәуреннен үнем заманына көше алмай жүрген сыңайлы. Бұл жолы Алматы облысының құтқарушылары көзге түсті. 375 млн теңгеге немесе ескі курс бойынша 2 млн долларға премиум кластағы катерлер шығаратын ресейлік компаниямен сауда жүргізбек болған. Прокурорлар дер кезінде тексере қалып, конкурсты тоқтатып, 375 млн теңгені бюджетке қайтарған. Қылмыстық іс те қозғалды. Бірақ кейін жылы жабылып қоя салған.  Ал сатып алмақ болған катерлер сүліктей - кірсең шыққысыз. Алдыңғы жағына күнге қыздырынатын екі кісілік қымбат матрас төселген. Жайлы төсек-орындары мен дивандары терімен қапталған. Жиһаздары қызыл ағаштан ойылған. Теледидар, аккустикалық колонкалар мен iPod/MP3-ойынатқыштарын орнатуға орындар қаралған. Қысқасы көлге шығып, аяқты көтеріп тастап жатуға барлық жағдай жасалған. Катерлердің біреуін Алакөлге, екіншісін Балқашты «күзетуге» жібермек болған құтқарушылар.  Қымбат катерге атыраулық полицейлер де ынтық.  Естеріңізде болса, олар 200 млн теңгеге сатып алып үлгерген-ді. «Арзан қайықпен қусақ,  браконьерлер бетімізге су шашыратып, жеткізбей кетеді»- деп... 

Tyres: Құтқарушылардың эмоциялық жағдайын да ойлау керек қой. Құтқарып келгесін матрасқа жатқызып, құлағына музыка қойып, көңіл-күйлерін көтеру қажет. Олардың жұмысы оңай дейсің бе?

Максимус:

Бастықтарын отырғызу керек. Жемқорлық қылмыс екені «соқырға» да көрініп тұр ғой.

Мама:

Бұл тек катерлер ғана. Ал барлық тендерлерді тексерсе ше? Жемқорлық жеңілмейді. Өкінішті...

Пепси:

Сендерге не болған? Құтқарушылар өмірді жалпағынан басып жүрген жоқ. Әйтеуір бір сапалы дүние алайық деген екен, оған іс қозғапты. Одан да жол белгілерін күнде ауыстырып, жақсы жолды жөндей беретіндерге қатысты қозғасын.

Nurik:

Полицейлерге алуға болады, құтқарушыларға болмай ма? Қазынада ақша жетеді. Жетпесе, салықты көтереміз, айыппұлдарды өсіреміз. Прокурорларға да катер алып берейік. 

Пікір:

Бұл катерлермен күнге қыздырынуға шықпақшы болған ба, әлде адам құтқарамыз деген бе? Арнайы техника арнайы құралдармен жабдықталуы керек. Жиһазы терімен қапталып, сд дискілер орнатылмайды ондайға.

Студияда жүргізуші:  Иә, мұндай катермен құтқару операцияларына қатысудың өзі бір ғанибет болар. Демалғандай болып қайтатын шығарсың. Ал сіз пікір білдіруден шаршамаңыз. «Өзге пікірге» сіздің пікіріңіз керек!