Русский Сайттың толық нұсқасы

Еліміздегі апатты мектептер қашан азаяды?

  • AstanaTV
  • 22 қазан 2018
  • 3378

Еліміздегі апатты мектептер мен үш ауысымды білім ордаларын азайту керек. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің депутаттары Оралдағы сапары кезінде мәлімдеді. Мысалы, 1200 балаға арналған №47 мектептегі оқушылар саны екі есеге көп. Тіпті, осы аумақтан тағы бір білім ордасы бой көтерсе де, мектеп бұрынғыша үш ауысымда білім беруін тоқтатпайды. Сондықтан, күрмеуі қиын мәселені кешенді түрде шешу керек дейді,- Мәжілістегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының депутаттары.  

Бүгінде елімізде үш ауысымда сабақ беретін 127 мектеп бар. Апатты білім ордаларының саны-44. Бұл аздай оқушы саны 124 мыңға артық. Мысалы, Оралдағы 47 орта мектептің 90 класы жалғыз спорт залында шынығады. Бала саны да екі есеге көп.  

Наталья ЕРГУЖИЕВА, №47 МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ: 

34-35 бала отырған 0 сыныптарда ол енді мұғалім үшін ауыр деп есептейміз. Себебі бала 24-тен отыру керек болса, 34 бала отыр. Қиындық келтіреді ғой. Үнемі отырады олар. Бір күн емес, үнемі. Енді болашақта мектеп салынса, бала саны азаятын болса, мектеп өз режимінде жұмыс жасай береді деп ойлаймын.

Жағдаймен өңірге барған мәжілісмендер танысып қайтты. Ал, Атырау облысы Исатай ауданына барған депутаттар аймақ активімен кездесті. Білім саласындағы түйткілді тұстарды қозғады. Мәселен, білім гранттары нарықта сұранысқа ие мамандықтарға сай бөлінуі тиіс. 

Бекболат ТІЛЕУХАН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «НҰР ОТАН» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: 

Жолдауда көптің көкейіне қозғау салғанын көріп отырмыз. Әсіресе, бізге қойылған сұрақтардың ішіндегі мектеп тәрбиесі, педагогтар статусы деген мәселеге байланысты қызығушылық қатты болып отырғанын көріп отырмыз. Айтып отырған ұсыныстардың ішінде өте құнды ұсыныстар бар. Былайша айтқанда, оны билікке жеткізу, атқарушы органға жеткізу- негізгі міндетіміз.

Елбасы Жолдауы Қарағандыда да талқыланды. Депутаттар биылғы Жолдауда ауыл шаруашылығына баса көңіл бөлінгенін жеткізді. 

Павел КАЗАНЦЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: 

Әлемде өңделген ауыл шаруашылығы өніміне сұраныс өте жоғары. Қазақстанның оны жүзеге асыруға әлеуеті зор. Бізде ауыл шаруашылығының 5 пайызы ғана ішкі жалпы өнімді құрайды. Ал, негізі 20-30 пайыз болуы тиіс. Бұған Елбасының Жолдауында айрықша басымдық берілген. Кездесуде осыны халыққа қарапайым тілмен түсіндіріп бердік.

Осы Осакаровка ауданындағы Есіл ауылында су құбырының тозығы жеткен. Тіршілік нәрінен тарыққан тұрғындар мәселенің республика деңгейінде шешілгенін қалайды. Депутаттар мұны бақылауға алатынын айтып уәде берді. 

Е. Карин