Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысында мектеп оқушысын пышақтап кетті

  • AstanaTV
  • 22 қазан 2018
  • 3906

Алматы облысынан да суыт хабар жетті. Іле ауданының 90 жылдығын тойлау үшін өтіп жатқан дайындық кезінде мектеп оқушысы қаза тапты. Куәгерлердің айтуынша, оқиға 19 қазан күні кешқұрым болған. Өтеген батыр кентіндегі №13 мектептің 10 сынып оқушысы пышақ жарақатынан көз жұмды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының айтуынша, сол күні аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысының нұсқауымен мерейтой дайындығына бұл мектептен 50 оқушы жіберілген. Әзірлік аяқталған соң оқушыға біреулер жүрек тұсынан пышақ салғаны мәлім болады.  

Айгүл ЖӘБЕЛ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ІЛЕ АУДАНЫ №13 МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Маған біздің мектептің мұғалімі хабарласты, Арбатқа жетіңіз деп, бала құлап жатыр деп, жүгіріп барсам, 3 минутта бардым. Біздің мектептің Қыдырәлі деген баласы жатыр екен. Қансырап қалыпты. Көмек көрсетуге келмеді. Сол сәтте өліп кетті. Жан-жаққа хабар бердім.   

Қазір полиция күдіктіні қамауға алып, қылмыстық кодекстің 96 бабы «адам өлтіру» дерегі бойынша із қозғапты. Оқушыға қол салған күдікті мектепті былтыр бітіріп кеткен түлек екені белгілі болып отыр. Ал, аудан әкімдігі қайтыс болған оқушы флеш-мобқа дайындалуға барған жоқ,-дейді. Жасөспірім стадионға тек тамашалау үшін келуі мүмкін. Оның қайғылы жағдайға қалай душар болғанын тергеу көрсетпек.  

Алмасбек САТИБАЕВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ІЛЕ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Біз аудандағы флеш-мобқа қатысатындар тек 9 сынып балары. Ол жерде 10 сыныптан жоғарылар жоқ еді. Өйткені, әрбір қатысушы баланың әр мектептен 10-20 деген сияқты, бәрінің аты-жөні жазылған тізімі бар. Көркем үйірмеге қатысқандар ғана шақыртылған.   

Р. Асқарбекұлы