Русский Сайттың толық нұсқасы

Керекуде бес жасар бүлдіршін алтыншы қабаттан құлап, аман қалды

  • AstanaTV
  • 22 қазан 2018
  • 2727

Ал, Керекуде бес жасар бүлдіршін жоғарғы қабаттан құлап, аман қалды. Алтыншы қабаттан құлаған қызды үй маңынан өтіп бара жатқан тұрғын көріп қалған. Павлодарлық Александр Жұмабаев сол күні әйелін тосып алуға шыққан. Ол әдетте жүретін жолмен емес, осы алты қабатты үйдің жанынан өткен. Сөйтіп, жоғарыдан шыққан дыбысқа бірден назар аударады. Алдымен терезе торы түседі, кейін құлап бара жатқан баланы көреді. Бірақ, қағып алуға үлгермейді.   

Александр ЖҰМАБАЕВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 

Қыз өліп қалды деп ойладым. Өзім де қатты қорықтым. Қасына барсам, жерде бүк түсіп жатыр. Тынысы тарылып, дем ала алмайды. Ойыма бірден жасанды дем алдыру түсті. Автоматты түрде жасадым. Бір кезде ол терең тыныс алып, жылады. Дыбысын естігенде, қуанып кеттім.    

Александр бірден жедел жәрдем шақырған. Облыстық балалар ауруханасына жеткізілген бүлдіршінге компьютерлік томография жасалып, тиісті ем-дом көрсетілді. Дәрігерлер баланың ішкі органдарды аман. Сүйек сынығы жоқ дейді. Қыздың ата-анасы болса, сұхбаттан бас тартты.  

Талғат ҚАСЫМБЕКОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ДӘРІГЕРІ: 

Бас-ми жарақаты, бет жұмсақ тіндерінің соғылуы және де беткей жарақаттар деген диагноз қойылды. Баланың жалпы жағдайы жақсаруда деп айтуға болады. Бала өз есінде, тамағын ішеді. Жалпы қарым-қатынасқа толық түседі. 

А. Мухитова