Русский Сайттың толық нұсқасы

«Қорғас» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығында туристік фирма өкілдері шу көтерді

  • AstanaTV
  • 22 қазан 2018
  • 3492

«Қорғаста» туристік фирма өкілдері шу шығарды. Олар туристерге арналған «Жасыл дәліз» кім көрінгеннің кіріп-шығатын есігіне айналды, деп наразы. Бұл компаниялар өз клинеттері емін-еркін өту үшін, арнайы ақша төлейді. Алайда, халықаралық кеден бекетінде қазір кез келген адам 1000 теңге төлеп «Жасыл дәлізден» зып беретін болған. Туристік компания өкілдері делдалдар іштен шығып отыр,- дейді.  

«Қорғас» кеден бекетінде демалыс сайын ұзын сонар кезек пайда болатын.100 деген адам ішке кіру үшін сағаттап тұрады. Осыдан бірнеше жыл бұрын туристтерге жағдай жасалып, кезексіз өткізуге арнайы дәліз ашылған еді.  

«Жасыл дәліз» арқылы өту құны 1000 теңге. Бірақ, туристерге деп ашылған арнайы есікті делдалдар кәсіпке айналдырған,-дейді. Салдарынан туристтік компаниялар жапа шегіп отыр.  

Алмагүл Жылқыбаева туристтік фирма директоры. Бірнеше жыл «Қорғасқа» өз клиенттерін жеткізіп жүр. Бұрын «Жасыл дәліз» жақсы жұмыс істеген. Мынадай қарбалас осыдан бір ай бұрын басталған көрінеді. Кесірінен оның фирмасы арқылы келетін туристер сиреп кетті. 

Алмагүл ЖЫЛҚЫБАЕВА, ТУРИСТТІК ФИРМА ДИРЕКТОРЫ: 

Договорда «Беспрепятственной проход» деп жазылып тұр. «Зеленый коридор беспрепятственный проход» деп жазылып тұр. Но, бұл шарттары орындалмайды. Біз шығынға батамыз. Міне менің адамдарым тұр. Өте алмай, кіре алмай тұр. Кіргізбей тұр. Мен бұл адамдарға осы проходтың ақшасын қайтарып беремін. Өз қалтамнан.

Турфирма директорының айтуынша, «Жасыл дәлізден» «бөтен адамдарды» өткізіп жүрген сол маңдағылар. Кім болып қызмет істейтіні белгісіз,-дейді. 1000 теңге төлеп өтіп те көріпті. Туристтік топтарға қызмет көрсететін компания ақша жинаушыларға қатысымыз жоқ,-дейді.  

Мехрибанум АСАНОВА, «ҚОРҒАС КОММЕРЦ» ЖШС ТУРИЗМ БОЙЫНША МЕНЕДЖЕРІ: 

Бұл жерден туристтерден өзгесі өтпейді. -Ну мы как прошли? -Сіздерден біздің компанияға қатысы жоқ адамдар алған болар ақшаны. Мұндай жайттардың тіркелгені рас. «Қорғас коммерцке» қатысы жоқ азаматтар да бармақ бастылықпен дәліз ережесін бұзып жүр. Жақында біздің қызметкерлер саналатын бірнеше жанды анықтадық. Олар біздің атымызды пайдаланып басқа келушілердің қаражатын алып жүр екен. Бірақ, біз оларды түгелдей тазалап шыққан болатынбыз.

Жалпы, халықаралық шекаралық орталыққа күніне 3,5 мыңға жуық турист келеді. Ал, демалыс күндері мөлшері 5 мыңға дейін жетеді. 

Қаһарман ДЖАЗИН, «ҚОРҒАС» ХШЫО» АҚ ПРЕЗИДЕНТІ: 

Халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығындағы әрбір мәселе қатаң бақылауымызда. Дей тұрғанымен, шіріген жұмыртқа шығып жататыны шындық. Жақында «Жасыл дәліздің» де осы кезек жағдайына ұшырғанын көрдік. Ол туристтердің көптеп келуінен деген болжам жасадық. Бірақ, жақын күндері бұл олқылықтың орнын тұлтыратын боламыз.

Осылай деп жауап берген орталық басшылығы, енді кемшілікті толығымен қолға алмақшы. Кеткен қателерді түзеп, арадағы адамдарға қатысы бар әр қызметкерді анықтап, жұмыстан шығарамыз деп бекініп отыр.   

О. Нұржақып