Русский Сайттың толық нұсқасы

Зейнеткерлерге инфляцияға байланысты 150 мың теңгеден беріледі деген ақпарат жалған-«Азаматтарға арналған үкімет» МК

  • AstanaTV
  • 23 қазан 2018
  • 4297

Зейнеткерлерге инфляцияға байланысты 150 мың теңгеден беріледі деген ақпарат жалған. Оған сеніп, Халыққа қызмет көрсету орталықтарына ағылудың қажеті жоқ. Әлеуметтік желілерде зейнеткерлерге ақша берілетіні жайлы аудио хабарламалар жаппай тарап кеткен. Онда бір реттік мемлекеттік төлемақы берілетіні айтылады. Осының кесірінен орталыққа келуші зейнеткерлер саны екі есеге артыпты. Жалпы, мұндай бір реттік төлем бар. Ол тек зейнет жасына келіп, құжат рәсімдегенде автоматты түрде есеп-шотқа түседі,-деді корпорация өкілдері.  

Жаңыл ӘПЕТОВА, «АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯСЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ PR-МЕНЕДЖЕРІ: 

Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңының 5 бабында төлемақы өтеу жөнінде айтылғаны рас. Ал, бірақ бұл өтемақы әрбір азамат өзіне зейнетке шығу құқы келген кезде сол құжаттарын рәсімдеу кезінде ол өтемақыны алады. Енді осы жақында бірінен бірі алып тағы да ватсаптарда таралып жатыр «Менің енем барды», «Менің әжем барып алды» деген сияқты. Оның бәрі жалған ақпарат. Оған халықты алданбауға, халыққа қызмет көрсету орталықтарына келудің қажеті жоқ екендігін ескерткіміз келеді. 

О. Нұржақып