Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ-та болат бағасы шарықтады

  • AstanaTV
  • 23 қазан 2018
  • 2150

Ал, АҚШ-та металл қымбаттап кетті. Дональд Трамптың болатқа енгізген импорттық баж салықтары АҚШ компанияларын қып-қызыл шығынға батырды. Бұл туралы «Ford Motor Co» автокөлік компаниясы мәлімдеді. «Фордтың» топ-менеджері Джо Хинриск осы мәселені Президент әкімшілігімен талқыламақ. Себебі, компания бәсекеге қабілетті бағаға мұқтаж. Салықтың күрт өсуінен «Форд» компаниясы 1 миллиард доллар жоғалтқан. Еске салсақ, АҚШ-та 23 наурыздан бастап болатқа импорттық баж 25 пайызға қымбаттады. Ал, алюминий үшін 10 пайызға артқан болатын. 

Д. Сапарқызы