Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан 2-3 аптадан соң Қырғызстанға бензин экспорттай бастайды

  • AstanaTV
  • 23 қазан 2018
  • 1974

Қазақстан 2-3 аптадан соң Қырғызстанға бензин экспорттай бастайды. Үкімет қабырғасында журналистер сұрағына жауап берген Энергетика министрі осылай деді. Қанат Бозымбаев 10 мың тоннамен жіберілетін жағармай нарықтық бағамен сатылатынын айтты. Өткен айда Ресей Қазақстанның бензин экспортына қойылған шектеуді жойған болатын. Министр елде бензин бағасы өсуі мүмкін деген болжамды жоққа шығарды. Өйткені, жағармай артығымен өндірілген көрінеді.  

Қанат БОЗЫМБАЕВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ: 

Қазіргі таңда мүмкін емес. Бензин бағасы осы жылдың басында 165 теңге болды. АИ-92 150-155 теңге. Яғни, 10 теңгеге түскен. 3 МӨЗ жаңғырту жұмыстары қолға алынды. Бізде бензин профициті бар.

Г. Меңдеева