Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордадағы ірі спорт кешендерінде жастар жаттығу жасауға мүмкіндік алмақ

  • AstanaTV
  • 23 қазан 2018
  • 3085

Жастар жылы не тындырылуы тиіс. Астана қаласы Қоғамдық даму істері басқармасы бүгін осы мәлелені талқыға салды. Жастарды білімге баулумен қоса, салауатты өмір салтын да ұмыт қалдырмау керек дейді қатысушылар. Сондықтан, Астанда жағдайы төмен отбасынан шыққандарға түрлі жеңілдіктер жасау қаралмақ.  

Әлібек МӘДІБЕКОВ, Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕҰУ ӘЛЕУМЕТТІК-АЗАМАТТЫҚ ДАМУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:  

Қалаға тиесілі спорттық кешендерде жалпы студенттерге жеңілдіктер көрсетілген. Ал, енді әлеуметтік аз қамтылған, толық емес отбасынан шыққан жастарды да қолдау мақсатында, сол жастарға одан бөлек арнайы жеңілдіктерді ұсыну механизімін алға тартып отырмыз. Осы біздің бірінші жобамыз: «Саламатты ұрпақ».  

Жастар арасында өзекті мәселенің бірі-жұмыспен қамту. Бүгінде, қолына диплом алып, қоғамда орын таппай, жұмыссыз жүрген көп. Осы проблеманы шешу үшін арнайы жобалар жоспарда бар. 

Ярослава ОСПАНОВА, ЕАГИ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР: 

Жұмыспен қамтылғандар көрсеткішін жоғарылату үшін, жұмыс берушілермен байланысты нығайтамыз. Алдағы жылы арнайы жоба аясында, бұл мәселені толық шешуге тырысамыз.