Русский Сайттың толық нұсқасы

Биыл Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда-саттық 30 пайызға артты-Н. Назарбаев

  • AstanaTV
  • 24 қазан 2018
  • 3145

Биыл Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда-саттық 30 пайызға артты. Қазақстанда бизнес жүргізуге ниетті тағы 16 америкалық компания өкілдері бүгін Астанаға табан тіреді. Оларға жол бастап келген АҚШ Сауда министрі бүгін Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті. Президент Американың бұл қадамын Орталық Азия аймағымен әріптестікті дамытуға қызығушылық танытқаны деп бағалады. Уилбур Росс АҚШ президентінің сәлемін жеткізді. Нұрсұлтан Назарбаев Дональд Трамппен кездесуінен кейін Қазақстан-Америка қарым-қатынасы жаңа деңгейге көтеріліп, 7 млрд доллардың құжатына қол қойылғанын тілге тиек етті. Ал, Қазақстанда бизнес жасағысы келгендер үшін «Шеврон» компаниясының тарихын үлгі етті.  

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Сегодня объем торговли между нашими странами составляет около 2 миллиардов долларов США. В этом году данный показатель вырос на 30 процентов. Но это только начало. Я уверен, что ваша сторона серьезно намерено здесь присутстововать и с нами работать. Мы готовы сделать все возможное чтобы это было приятно.

Г. Меңдеева