Русский Сайттың толық нұсқасы

«КEGOC» компаниясы қызметкерлері арасында көңілді тапқырлар жарысын өткізді

  • AstanaTV
  • 26 қазан 2018
  • 2688

«Тіл-татулық тірегі». Бүгін Астанада осындай тақырыппен «КEGOC» компаниясы қызметкерлері арасында көңілді тапқырлар сайысы өтті. Байқауда Компанияның Атқарушы дирекциясы, өңірлердегі филиалдардан және еншілес «Энергоинформ» компаниясынан құрылған барлығы 11 команда бақтарын сынады. Мұндай шара энергетиктердің бірлігін арттыруға септігін тигізеді.  

Үшінші рет өтіп жатқан жарысқа жергілікті және өңірлерден келген командалар қатысты. Қатысушылар елде және әлемде болып жатқан оқиғаларды әзілге айналдырып бақты. Сондай-ақ, қоғамдағы тіл проблемасын қалжыңмен шебер астарлай білді. Жарысқа Қазақстан КВН одағы республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің президенті Есен Елеукен өз бағасын берді.  

Есен ЕЛЕУКЕН, ҚАЗАҚСТАН КВН ОДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАСТАР ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІ: 

Бұл мемлекеттік тілге деген және жастар арасындағы, компаниядағы қызметкерлердің бір-бірімен байланысы,бірнеше жағынан қарауға болады. Өте жақсы идея. Жақсы іс-шара. Ұзағынан болғай дейміз. Дайындықтарына қарағанда жалпы көзқарастарына қарағанда жақсы болатын секілді. Қуаныштымын.

Ойын барысында әр команданың тапқырлығы, шапшаңдығы және ұтқыр әзілдері сыналды. Әр команда бірнеше секунд ішінде кем дегенде 10 әзіл айтуы керек. Компания қызметкерлерінің айтуынша, бұндай ортақ шара әріптестер арасындағы қарым-қатынасты жақсартады. 

Нұрлан ҚҰНАФИН, «ЭНЕРГОИНФОРМ» АҚ ҚЫЗМЕТКЕРІ:  

Қызметкерлер үшін компания үшін осындай сайыстар корпоративтік духты көтеру үшін. Мемлекеттік тіліміздің беделін көтеру үшін. Биыл 9 филиалдан 9 команда келді. Барлығы бір-бірімен танысып , сөйлесіп, қалжындасып барлығы осы корпоративтік дух үшін.

Байқау қорытындысы бойынша Алматы қаласынан келген «APORT KEGOC» командасы Гран-при иегері атанды. Жүлделі бірінші орын «НҰР ЭНЕРГОИНФОРМ» ойыншыларына бұйырды. Екінші орынға «Шығыс ЖЭТ» филиалы, ал үшінші орынға «Ақтөбе ЖЭТ» филиалының ойыншылары ие болды. Сондай-ақ, қызметкерлер компания тарапынан сый-сияпаттарға ие болды. 

Д. Сапарқызы