Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда екі студент уланып қайтыс болды

  • AstanaTV
  • 26 қазан 2018
  • 3770

Алматыда екі студент уланып қайтыс болды. Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті қайғылы жайтты растап отыр. 17 жастағы екі бозбала карбьюраторды тазалауға арналған ерітінді иісіне уланған. Жастар инфекциялық ауруханаға қазанның 23-і түн ортасында жеткізілген. Науқастар токсигология бөліміне жатқызылған. Өкінішке қарай, удың ағзаға жайылып кетуіне байланысты балаларды аман алып қалу мүмкін болмады. Екеуі де бір тәулікке жетпей көз жұиды.  

Әнел МҰСАЕВА, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: 

Карбьюраторды маска киіп дұрыстап тазаламаса, өздерінің мамандары болып СТО-да дейміз ғой. Сондай жерде тазалану керек. Ол жағдайды енді біздің жергілікті полициялар анықтауы керек.

Екі студент қаладағы Ұлжан шағын ауданында көрші тұрғаны белгілі болды. Бірі Абылайхан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің студенті болған. Оған қатысты әзірге нақты дерек жоқ. Ал, екіншісі Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінде оқыған. Есімі Данияр Байдаулет.  

Алмат ИСАДІЛ, ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: 

Бұл жағдайды біз Даниярдың ата-анасынан естідік. Қандай жағдай болды, қандай жағдайда орын алды бұл қайғылы оқиға бізге ол жағы беймәлім. Университет бұл жағдайға байланысты отбасына қажет болған жағдайда мүмкіндігіне қарай қандай да бір көмек көрсетуге дайын.

О. Нұржақып