Русский Сайттың толық нұсқасы

Н.Назарбаев әріптестерімен Сарығашта кездесті. Ресей Өзбекстанда АЭС салады

  • AstanaTV
  • 27 қазан 2018
  • 2287

Н.Назарбаев өткен аптада Еуропаға сапарынан кейін Сарыағашта Ресей және Өзбекстан президенттерімен кездесті. Ақ Орда сайтының хабарлауынша, мемлекеттер басшылары бейресми кездесу барысында сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелелерін талқылаған. Ал: «Өңірлік және халықаралық деңгейдегі күн тәртібінің негізгі аспектілері жөнінде пікір алысты», - деген Франция президентімен әңгімелескен Назарбаевтың Брюссель сапарын, сонымен бірге Ресейдің Өзбекстанда атом электр станциясын салатынын тарқатқан шығар деген ойларға жетелейді.

Сонымен, Өзбекстан Орталық Азиядағы тұңғыш атом электр станциясын салуға кірісті.Өзбекстанға ресми сапармен барып, жобаның ашылуында сөйлеген В.Путин «Қуаты 2,4 мегаваттық АЭС қымбат емес, әрі таза электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Ол тек Өзбекстан ғана емес, Орталық Азияның өзге де елдеріне жеткізіледі. Осылайша, тұтас аймақтағы энергетикалық тұрақтылықты сақтауға ықпал етеді», деген. АЭС Өзбекстанның Науаи облысындағы Тудакул су қоймасында салынады деп жоспарланған. Жоба құны 11 миллиард АҚШ доллары, станция құрылысы 2028 жылы бітеді деп хабарланды.

Енді мынадай деталь – «Азаттықтың» хабарлауынша, АЭС салынатын Тудакул су қоймасы Түркістан облысы Шардара ауданынан 500-600 шақырым жерде орналасқан. Атом электр станциясы сияқты қоршаған ортаға әсері бар ірі жобаларды жүзеге асырған кезде әлем елдері көбіне БҰҰ-ның тиісті конвенциясын басшылыққа алады. Оған сәйкес, АЭС салуды жоспарлап отырған ел көрші мемлекеттерге жоба жайлы мүмкіндігінше ертерек ескертіп, хабар беруі тиіс. Бұдан соң хабар алған ел жобаның қоршаған ортаға әсерін зерттеп, оған өз ұсыныстарын жеткізеді. Осылайша, тараптар жобаның мүмкіндігінше қауіпсіз болуын қамтамасыз етеді. Ал Өзбекстан бұл конвенцияны қабылдамағандықтан өзбек тарапынан қазақ жағына АЭС жайлы хабарлама түспеген. Оныеліміздің Энергетика министрлігі аталған порталға жауабында жазған. Мәселе адамдардың өмірі мен экология, қауіпсіздік мәселелері жөнінде болып отырғасын экологтар алаңдап қалды. Мысалы, "Экофорум" қоғамдық ұйымының жетекшісі Вадим Нидің ойынша, Өзбекстаннан жоба жайлы ақпарат сұрауға ешқандай кедергі жоқ. Заңгер тіпті арнайы жұмыс тобын құрса да қисынды деп ойлайды.

Қазір ақпарат шығып жатқандықтан бәрібір бұл мәселені азаматтар талқылай береді. Бұған қоса, экологиялық ақпарат болмағандықтан мифтер де пайда болуы мүмкін. Бұл мәселені мемлекеттік деңгейде талқылап, халыққа ақпарат беру керек. "Міне, мынадай технология қолданылады. Мынадай қадамдар атқарылады. Мынадай тәуекелдерге барып тұрмыз" деген сияқты, деген эколог.