Русский Сайттың толық нұсқасы

Жер тек жалға берілсін! Агрофорумдағы пікірсайыс

  • AstanaTV
  • 27 қазан 2018
  • 3077

Осы аптада агроөнеркәсіп кешенінің форумы өтті. Форум аясында ауылға қатысты үкіметтік емес ұйымдарды дамыту мәселесі де көтерілді. Ондай ұйымдардың коалициясы құрылды. Сонымен бірге әрине, жерді тиімді пайдалану туралы сессия өтті. Жерге халық мүддесінен қарау керек, жерді тек жалға беру керек, дегенмен бизнес жағынан да қараған жөн, сондықтан жермен айналысатын кәсіпкер шетелдік инвестор тартып оған 49 процент берсе дейді кәсіпкер Марғұлан Сейсембаев.    

Марғұлан СЕЙСЕМБАЕВ, КӘСІПКЕР:

51 пайыз Қазақстан азаматтары, 49 процент инвесторлар. Тек жалға әрине. Инвестициялық ресурс керек. Біз ауыл шаруашылығына тек үкіметтің ақшасын салып жатырмыз. Патреналистік көзқараспен қарамау керек. Компромисс табу керек.

Ал басты әңгімеге тоқталсақ, сессияға модератор болған белгілі қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан бастамашыл топтың ұсыныстарын жария етті. Ол Жер кодексіне жарияланған мораторийдің аяқталатын уақытын күтпеу керектігін айтты. Ұсыныстары мынадай: жерді жекеменшікке бермеу, тек жалға беру. Тек Қазақстан азаматтарына беру. Бірыңғай аграрлық салық енгізу. Жерді ғарыштан мониторлауды заңдастыру. Қатысқандар қолдады.

Мұхтар ТАЙЖАН, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ:  

Жер сатылмайды - ешкімге, Қазақстан азаматтарына болсын, шетелдіктерге болсын, сатылмайды. Тек Қазақстан азаматтарына жалға ғана беріледі. Екінші ұсынысымыз латифундизм болмау үшін бізге космомониторингті заңдастыруымыз керек. Ол не деген сөз? Ол ана спутниктен келген мәлімет заңды болуы керек. Сот үшін, әкімдер үшін мәлімет ресми болады да, өйткені бұл мәлімет бүгінгі таңда бейресми. Сот, әкімдер бұл мәліметті қабылдамайды. Ал заңды болса, онда сот ондай мәліметті мойындауға міндетті болады. Бос тұрған жерлер, игермей тұрған жерлер анық болады да, бәрімізге. Тағы бір ұсыныс – бірыңғай аграрлық салық болуы керек. Бүгінгі таңда жерді жалға алған адам салық төлемейді. Өйткені жер салығы өте төмен. Бір гектарға 37 теңге ғана. Ал жермен айналыса бастаса, жұмыс істей бастаса, қосымша 7 салық қосылады екен. Онда әлбетте бүгінгі таңда жермен айналысу тиімді емес.